Call-центр: +7 (7152) 63-01-55

+7 (775) 096-30-85

Call-центр ЦСЗ: +7 (7152) 62-55-00

Телефон регистратуры нового филиала: +7(7152) 51-46-51

Уважаемые пациенты! В данный момент сайт поликлиники находится в стадии разработки и тестирования. Возможны ошибки и неточности в отображении данных, включая стоимость услуг, расписание приёма и график работы врачей. Приносим извинения за возможные неудобства.

Служба поддержки пациентов

Цель: совершенствовать организационную и клиническую работу организации путем соблюдения стандартов медицинских услуг и системности для достижения целевого показателя удовлетворенности населения.

Основные задачи службы:

  • Обеспечение прав пациентов на получение медицинской помощи надлежащего качества и объема.
  • Оценка технологий оказания медицинской помощи пациентам на соответствие установленным стандартам в области здравоохранения (клинический аудит).
  • Разработка программных мероприятий, направленных на предупреждение и устранение дефектов в работе и способствующих повышению качества и эффективности медицинской помощи.

Направления работы:

Одним из важных направлений является оперативное решение возникших вопросов лечения, культуры медицинского обслуживания и повышения имиджа больницы по принципу «здесь и сейчас».

Вы можете обратиться в Службу поддержки пациентов, если Вы:

  • Остались недовольны качеством оказания медицинской помощи.
  • Столкнулись с грубостью или неэтичным поведением со стороны медицинского персонала.
  • Столкнулись с фактом вымогательства денежных средств за медицинские услуги, оказываемые в рамках ГОБМП и ОСМС.
  • Столкнулись с другими проблемами, связанными с порядком и качеством оказания медицинской помощи.

Наши контакты:

  • Телефон службы поддержки: 63-01-54
  • Телефон колл-центра: 63-01-55
  • Личное обращение: кабинеты № 108, 110

Мы будем благодарны за Ваши обращения, отзывы и пожелания, которые помогут нам улучшить качество работы нашей организации!

Методическая и информационная поддержка СПП и ВА осуществляется сотрудниками отдела аналитики, службы поддержки пациентов и внутреннего контроля.

ПОЛОЖЕНИЕ

отдела аналитики, службы поддержки пациентов и внутреннего контроля КГП на ПХВ «Городская поликлиника №3»

1. Общие положения

1.1. Отдел аналитики, службы поддержки пациентов и внутреннего контроля (далее – Отдел) является структурным подразделением КГП на ПХВ «Городская поликлиника №3» (далее – Поликлиника).

1.2. Отдел в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Кодексом РК «О здоровье народа и системе здравоохранения», приказами МЗ РК, уставом Поликлиники, приказами руководителя Поликлиники, а также настоящим Положением.

1.3. Отдел создаётся и ликвидируется приказом руководителя Поликлиники.

1.4. Отдел непосредственно подчиняется директору Поликлиники.

1.5. Структура и штатная численность Отдела утверждаются в установленном порядке.

2. Цели и задачи Отдела

2.1. Основной целью деятельности Отдела является: повышение эффективности деятельности Поликлиники; обеспечение защиты прав и интересов пациентов; осуществление внутреннего контроля качества и безопасности медицинской помощи.

2.2. Основные задачи Отдела: аналитическое сопровождение управленческих решений; организация и развитие службы поддержки пациентов; проведение внутреннего контроля и мониторинга качества медицинских услуг; выявление и предупреждение нарушений в деятельности Поликлиники.

3. Функции Отдела

3.1. В области аналитики: сбор, обработка и анализ статистических, медицинских и управленческих данных; подготовка аналитических отчетов, справок, прогнозов и предложений для руководства; мониторинг показателей деятельности подразделений Поликлиники; участие в разработке планов развития и улучшения качества услуг.

3.2. В области службы поддержки пациентов: прием и рассмотрение обращений, жалоб и предложений пациентов; консультирование пациентов по вопросам получения медицинской помощи; содействие в разрешении конфликтных ситуаций между пациентами и персоналом; анализ обращений пациентов и подготовка предложений по улучшению качества обслуживания; взаимодействие с уполномоченными органами и общественными организациями по вопросам защиты прав пациентов.

3.3. В области внутреннего контроля: проведение внутреннего контроля качества и безопасности медицинской помощи; проверка соблюдения стандартов, клинических протоколов и внутренних регламентов; участие в проведении внутренних аудитов и служебных проверок; подготовка заключений и рекомендаций по устранению выявленных нарушений; контроль исполнения корректирующих и предупреждающих мероприятий.

4. Права Отдела

Отдел имеет право: запрашивать и получать от структурных подразделений Поликлиники необходимую информацию и документы; участвовать в совещаниях, комиссиях и рабочих группах; вносить руководству предложения по улучшению деятельности Поликлиники; инициировать проведение проверок и анализов в пределах своей компетенции.

5. Ответственность

5.1. Сотрудники Отдела несут ответственность за: ненадлежащее исполнение возложенных функций и обязанностей; достоверность и своевременность предоставляемой информации; соблюдение требований законодательства РК, служебной этики и конфиденциальности персональных данных пациентов.

6. Организация работы Отдела

6.1. Работа Отдела осуществляется на основе годовых и текущих планов, утверждаемых руководителем Поликлиники.

6.2. Деятельность Отдела строится во взаимодействии со всеми структурными подразделениями Поликлиники.

6.3. Сотрудники Отдела действуют на основании должностных инструкций.

7. Отчетность и контроль

7.1. Отдел представляет отчеты о своей деятельности руководству Поликлиники в установленные сроки.

7.2. Контроль за деятельностью Отдела осуществляет руководитель Поликлиники или уполномоченное им лицо.

8. Заключительные положения

8.1. Изменения и дополнения в настоящее Положение вносятся приказом руководителя Поликлиники.

8.2. Настоящее Положение вступает в силу со дня его утверждения.

Пациенттерді қолдау қызметі

Мақсаты: медициналық қызмет көрсету стандарттарын сақтау және жүйелі жұмысты қамтамасыз ету арқылы ұйымның ұйымдастырушылық және клиникалық қызметін жетілдіру, халықтың қанағаттану көрсеткішіне қол жеткізу.

Қызметтің негізгі міндеттері:

  • Пациенттердің тиісті сападағы және көлемдегі медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету.
  • Пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау (клиникалық аудит).
  • Жұмыстағы кемшіліктердің алдын алуға және оларды жоюға, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар бағдарламаларын әзірлеу.

Жұмыс бағыттары:

Маңызды бағыттардың бірі — емдеу мәселелерін, медициналық қызмет көрсету мәдениетін және емхананың беделін арттыруға қатысты туындаған сұрақтарды «осында және қазір» қағидаты бойынша жедел шешу.

Сіз мына жағдайларда Пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз:

  • Медициналық көмектің сапасына қанағаттанбаған болсаңыз.
  • Медицина қызметкерлері тарапынан дөрекілікке немесе әдепсіз мінез-құлыққа тап болсаңыз.
  • ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақша талап ету фактісіне тап болсаңыз.
  • Медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да мәселелер туындаса.

Байланыс деректері:

  • Пациенттерді қолдау қызметінің телефоны: 63-01-54
  • Call-орталық телефоны: 63-01-55
  • Жеке өтініш: № 108, 110 кабинеттері

Ұйымымыздың жұмыс сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Пациенттерді қолдау қызметі мен ішкі аудитке әдістемелік және ақпараттық қолдауды аналитика, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау бөлімінің қызметкерлері көрсетеді.

ЕРЕЖЕ

«№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК аналитика, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау бөлімінің

1. Жалпы ережелер

1.1. Аналитика, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-ның (бұдан әрі – Емхана) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарын, Емхананың жарғысын, Емхана басшысының бұйрықтарын және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Бөлім Емхана басшысының бұйрығымен құрылады және таратылады.

1.4. Бөлім Емхана директорына тікелей бағынады.

1.5. Бөлімнің құрылымы мен штат саны белгіленген тәртіппен бекітіледі.

2. Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері

2.1. Бөлім қызметінің негізгі мақсаты: Емхана қызметінің тиімділігін арттыру; пациенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне ішкі бақылау жүргізу.

2.2. Бөлімнің негізгі міндеттері: басқарушылық шешімдерді аналитикалық сүйемелдеу; пациенттерді қолдау қызметін ұйымдастыру және дамыту; медициналық қызметтердің сапасына ішкі бақылау мен мониторинг жүргізу; Емхана қызметіндегі бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу.

3. Бөлімнің функциялары

3.1. Аналитика саласында: статистикалық, медициналық және басқарушылық деректерді жинау, өңдеу және талдау; басшылыққа аналитикалық есептер, анықтамалар, болжамдар мен ұсыныстар дайындау; Емхана бөлімшелерінің қызмет көрсеткіштерін мониторингтеу; қызметтерді дамыту және сапасын жақсарту жоспарларын әзірлеуге қатысу.

3.2. Пациенттерді қолдау қызметі саласында: пациенттердің өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын қабылдау және қарау; медициналық көмек алу мәселелері бойынша пациенттерге кеңес беру; пациенттер мен персонал арасындағы жанжалды жағдайларды шешуге жәрдемдесу; өтініштерді талдау және қызмет көрсету сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау; пациенттердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

3.3. Ішкі бақылау саласында: медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне ішкі бақылау жүргізу; стандарттардың, клиникалық хаттамалардың және ішкі регламенттердің сақталуын тексеру; ішкі аудиттер мен қызметтік тексерулерге қатысу; анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қорытындылар мен ұсынымдар дайындау; түзету және алдын алу іс-шараларының орындалуын бақылау.

4. Бөлімнің құқықтары

Бөлімнің құқығы бар: Емхананың құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға; кеңестерге, комиссиялар мен жұмыс топтарына қатысуға; Емхана қызметін жақсарту жөнінде басшылыққа ұсыныстар енгізуге; өз құзыреті шегінде тексерулер мен талдаулар жүргізуді бастамалауға.

5. Жауапкершілік

5.1. Бөлім қызметкерлері жүктелген функциялар мен міндеттерді тиісінше орындамағаны; ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы мен уақтылы берілуі; ҚР заңнамасының, қызметтік әдептің және пациенттердің дербес деректерінің құпиялылығы талаптарын сақтағаны үшін жауапты болады.

6. Бөлім жұмысын ұйымдастыру

6.1. Бөлім жұмысы Емхана басшысы бекітетін жылдық және ағымдағы жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.

6.2. Бөлім қызметі Емхананың барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау арқылы ұйымдастырылады.

6.3. Қызметкерлер лауазымдық нұсқаулықтар негізінде әрекет етеді.

7. Есептілік және бақылау

7.1. Бөлім белгіленген мерзімдерде өз қызметі туралы есептерді Емхана басшылығына ұсынады.

7.2. Бөлім қызметін Емхана басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға бақылайды.

8. Қорытынды ережелер

8.1. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Емхана басшысының бұйрығымен енгізіледі.

8.2. Осы Ереже бекітілген күнінен бастап күшіне енеді.